▸ Кешігу.
Опоздание
Сәлем, Андрей! Мен жұмысқа кешігіп келемін, егер мені іздесе, айтшы, жақсы ма?
Привет, Андрей! Я опоздаю на работу, если меня будут искать, скажи пожалуйста, хорошо?
Сәлем, жақсы!
Привет, хорошо!
▸ Шақыру.
Приглашение
Қайырлы күн, құрметті Серік Рустамұлы!
Сізді инвестициялық форумға шақырамын. Форум осы сенбі күні сағат он екіде болады. Келіңіз!
Добрый день, уважаемый Серик Рустамұлы!
Приглашаем Вас на инвестиционный форум. Форум состоится в эту субботу в двенадцать часов. Приходите!
Қайырлы күн, Ғазиза Маратқызы, Рақмет, келемін.
Добрый день, Газиза Маратқызы! Спасибо, приду.
▸ Рақмет айту.
Сказать спасибо
Сәлеметсіз бе, Алина Асхатовна!
Сізге мың алғысымды айтқым келіп тұр! Сіздің көмегіңіз арқылы, біз жобаны бастадық! Рақмет!
Здравствуйте, Алина Асхатовна!
Хотела бы выразить тысячу слов благодарностей! Благодаря Вашей помощи, мы начали свой проект! Спасибо!
Сәлеметсіз бе, Аруна Асқарқызы! Оқасы жоқ! Ісіңіз жүрсін!
Здравствуйте, Аруна Асқарқызы! Не за что! Удачи в делах!
▸ Туған күн.
День рождения
Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, бақыт тілеймін!
Поздравляю Вас с днем рождения! Желаю Вам крепкого здоровья, счастья!
Сені туған күніңмен құттықтаймын! Саған бақыт пен қуаныш тілеймін!
Поздравляю тебя с днем рождения! Желаю тебе счастья и радости!
▸ Жаңа жыл мерекесі.
Праздник Новый год
Жаңа жыл құтты болсын!
С Новым годом!
Жаңа жылыңызбен!
С Новым годом Вас!
Жаңа жылыңмен!
С Новым годом тебя!
▸ Демалыс күндер.
Выходные дни
Сәлем, Жанна! Қалайсың? Сен сенбі күні не істейсің?
Привет, Жанна! Как ты? Что ты делаешь в субботу?
Сәлем, Арман! Бәрі жақсы, рақмет! Өзің? Мен сенбі күні қонаққа барамын. Ал сен?
Привет, Арман! Все хорошо, спасибо! Я в субботу поеду в гости. А ты?
Мен тауға барамын, сен барасың ба?
Я пойду в горы, ты пойдешь?
Жоқ, келесі жолы.
Нет, в следующий раз.
Жақсы! Сау бол!
Хорошо! Пока!
Сау бол!
Пока!
▸ Түскі ас уақыты.
Время обеда
Николай, түскі асқа барасың ба?
Николай, на обед идешь?
Жоқ, менің жұмысым көп.
Нет у меня много работы.
Ал сен, Салтанат?! Барасың ба?
А ты, Салтанат?! Пойдешь?
Әрине, барамын.
Конечно, пойду!
▸ Жалпы сұрақ және жауап.
Общий вопрос-ответ
Сәлем, қашан келесің?
Привет, когда придешь?
Сәлем, бір сағатта келемін.
Привет, через час приду.
Сәлем, қазір келемін.
Привет, сейчас приду.
Сәлем, ертең келемін.
Привет, завтра приду.
+7 707 684 87 81
Құрметпен,
Автор, Дилара Абдрахманова